Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Барлығы қазақ тілінде сөйлейді": ҚПЛ-де қазақша сөйлейтін клуб табылды

Сарапшы, спорт журналисі

Естеріңізге салсақ, бұл клуб өткен маусымды тек қазақстандық ойыншылармен өткізген болатын.

"Барлығы қазақ тілінде сөйлейді": ҚПЛ-де қазақша сөйлейтін клуб табылды
Фото: Ерсұлтан Қалдыбеков

Қызылорданың «Қайсарының» жартылай қорғаушысы Ерсұлтан Қалдыбеков өткен маусымның қорытындысын шығарып, командадағы ішкі атмосфера жайлы айтты:

"Өткен маусымды оң бағалаймын, еш өкініш жоқ. Мен үшін бұл белгілі бір секіріс трамплині сияқты болды, өйткені бұл Қазақстан Премьер-лигасында өткізген ең бай маусымым — ойындар саны бойынша. Негізгі құрамда алаңға жиі шықтым, бірақ әлі өз шарықтау шегіме жеткен жоқпын деп ойлаймын", — деді Қалдыбеков.

Ерсұлтан командада барлығы қазақ тілінде сөйлейтінін алға тартты:

"«Қайсардың» ішкі атмосферасы тамаша. Бізде тек қазақстандық ойыншылар болғандықтан, барлық шаралар «отырып, шай ішіп, әңгімелесіп алу» форматында өтеді. Барлығы тек қазақ тілінде сөйлейді. Командада ұжымдық рухты ұстап тұратын, үлгі көрсететін жігіттер бар — Айбол Әбікен, Думан Нарзілдаев, Абылайхан Төлегенов, Қуаныш Қалмуратов және Әділет Кенесбек. Оларға үлкен алғыс. Мені жылы қабылдап, ұжымға тез сіңісуге көмектесті," — деп қосты футболшы AS news сайтына берген сұхбатында.

23 жастағы жартылай қорғаушы 2025 жылғы маусымның жазғы трансферлік кезеңінде «Атыраудан» «Қайсарға» ауысып, Премьер-лигада 22 матч өткізіп, бір голдық пас берді. Қызылордалық клуб маусымды 11-орында 22 ұпаймен аяқтады. Айта кетерлігі, «Қайсар» чемпионатты легионерлерсіз өткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір