Реклама
Реклама

"The best goalkeeper": "Манчестер Сити" жұлдызы Темірлан Анарбековке тамсанды

Сарапшы, спорт журналисі
16.11.2025, 12:03

Анарбеков Бельгияға қарсы 7 сейв жасады.

Коллаж

Fonteam youtube-арнасында болған подкастта Әлімжан Асқар Бельгия құрамасының шабуылшысы Жереми Докудың қақпашы Темірлан Анарбековтың ойынына тамсанғаны жайлы айтты:

"Доку, Ванакен, Троссар және Кастань ойын соңында дәлізде үлкен теледидардан ойынның хайлайтын көріп, тоқтап қалды. Сол сәтте Докудың тепкен соққыларын көрсетіп жатыр екен. Сол кезде Доку былай деді: "The best goalkeeper, the best goalkeeper"."

Естеріңізге салсақ, кеше "Астана-Арена" алаңында болған ойында Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгиямен тең түсті, есеп 1:1. Темірлан Анарбеков ойынның үздік ойыншысы атанды, қақпашының қоржынынында 7 сейв.

Реклама
Реклама