Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Еуро-2026 U-19 іріктеуі: Нидерланд – Қазақстан матчында үш гол тіркелді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерландпен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Еуро-2026 U-19 іріктеуі: Нидерланд – Қазақстан матчында үш гол тіркелді
Instagram/@kff_jastar

Бірінші тайм – нидерландтықтардың басымдығы

Бірінші таймда алаң иелері толық үстемдік танытты. Нәтижесінде Қазақстан қақпасына екі гол соғылды. 27-минутта Айоделе Томас есеп ашса, араға бес минут салып Джинайро Джонсон көрсеткішті еселей түсті. Бұл таймда қазақстандықтар шабуыл ұйымдастыруда қиындықтарға тап болды.

Екінші тайм – Қазақстанның мінез көрсеткен уақыты

Ойынның соңына қарай Қазақстан құрамасы белсенділікті күшейтті. 86-минутта Алдияр Нұрғали пенальтиден дәл соққы шығарып, есепті қысқартты. 

Жасөспірімдер соңғы минуттарға дейін қарсылас қақпасына қаупін арттырды. Бірақ тең есепке жету мүмкін болмады.

Қазақстанның турнирдегі жағдайы

Қазақстан U-19 құрамасы Ирландияны 1:0 есебімен жеңіп, Нидерландтан 1:2 есебімен ұтылды.

Келесі матч 18 қараша күні Кипрге қарсы өтеді. Ережеге сай элиталық раундқа топтан алғашқы екі команда, сондай-ақ барлық топ арасындағы ең үздік үшінші орын иесі жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір