Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қызыл қағаз, қысым және мінез. Қазақстан Бельгияға қалай қарсы тұрды?

Сарапшы, спорт журналисі

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінде сенсация жасады. «Астана Аренада» өткен ойында біздің команда әлемдік гранд саналатын Бельгиямен тең ойнады. 

Алғашқы тайм: ерте гол және Анарбековтың шеберлігі

Ойынның 9-минутында Дастан Сәтпаев қарсыластың айып алаңына батыл кіріп, қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді. 

Тайм соңына дейін екі команда да қауіпті мүмкіндіктер жасап отырды. Қазақстан қақпасын күзеткен Темірлан Анарбеков бірнеше рет команданы аман алып қалды.

Екінші тайм: Бельгия шабуылы және қиын сәт

48-минутта Ханс Ванакен баспен соққы жасап, есепті теңестірді. Одан кейін бельгиялықтар шабуылды үдетіп, қазақстандықтардың қақпасын бірінен соң бірі атқылады. Анарбековтің сенімді ойыны командаға қайта-қайта демеу болды.

79-минутта Ислам Чесноков Жереми Докуға қарсы ереже бұзып, тікелей қызыл қағаз алды. Қазақстан қалған 10 минутты толық қорғаныста өткізіп, нағыз мінез көрсетті.

Қазақстан — Бельгия 1:1 (1:0)
Голдар: Сәтпаев, 9 — 1:0
Ванакен, 48 — 1:1
Қызыл қағаз: Чесноков, 79.

Қазақстан құрамасы іріктеуді 8 ұпаймен аяқтады және J тобында 4-орын алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір