Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Аты шулы қазақстандық қорғаушы Еуропа мен ҚПЛ жалақысын салыстырды

Сарапшы, спорт журналисі

«Жетісу» және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен кәсіби футболдағы жалақысы, келісімшарттары және Еуропада алған ең ірі табысы туралы айтып берді.

Аты шулы қазақстандық қорғаушы Еуропа мен ҚПЛ жалақысын салыстырды
instagram/@dimash_kashken

«Ұлттық құрама ойыншылары қомақты жалақы таба алады»

Футболшының сөзінше, Қазақстан чемпионатында тұрақты ойнайтын және ұлттық құрамада өнер көрсететін спортшылар үшін қаржылық жағдай жаман емес.

«Егер сен тұрақты ойнап, нәтиже көрсетсең — отбасыңды қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. „Астана“, „Қайрат“, „Ақтөбе“, „Елімай“ секілді клубтарда дұрыс карьера құрсаң, жайлы өмір сүріп, қаржы жинауға болады», — деді Қашкен.

«Маған ақша емес — ойын тәжірибесі маңызды»

Қашкен трансферлік келіссөздер кезінде қаржыны бірінші орынға қоймайтынын жасырмады.

«Клубтармен сөйлескенде жалақы туралы ешқашан сұрамағанмын. Мен үшін ең маңыздысы — ойнай беру. Басшылар да біледі: мені ақша қызықтырмайды», — деп жауап берді ол.

Ең ірі жалақы — Еуропада

Қорғаушының сөзінше, оның мансабындағы ең жоғары табыс Литваның «Жальгирис» клубында болған.

  • Негізгі жалақы: 15 000 доллар + бонус

  • Конференция лигасына шыққаны үшін — 40 000 еуро сыйақы

«Алғашқы айлық үш мың доллар еді. Чебурин әр 10 матч сайын жалақы өсетінін айтты. Солай болды да», — дейді футболшы.

ҚПЛ клубтарындағы табыс

Дінмұхамед Қашкен «Астана» және «Ақтөбеде» алған жалақысы шамалас болғанын мойындады.

«Доллардың бағамы төмен еді. „Астана“ мен „Ақтөбеде“ шамамен бірдей алдым. Әлі Қазақстанда өте үлкен контракт алып көрмедім. Мүмкін, бәрі алда», — деді ол.

Футболшының мансабы

Дінмұхамед Қашкен әр жылдары келесі клубтарда өнер көрсетті:

  • «Қайсар»
  • «Ақтөбе»
  • «Шахтер»
  • «Жальгирис» (Литва)
  • «Хан-Тәңірі»
  • «Ұлытау»
  • «Жетісу» — соңғы маусым

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір