Қазір Троссар "Арсеналда" ойнаса, Георгий "Ақтөбе" клубында өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында жас кезінде бірге ойнаған мықты футболшыларды еске алды.
"«Андерлехт» академиясында Ромелу Лукакудың інісі Джорданмен бірге ойнадым. Ал Ромелудың өзімен күнде бір автобуста қайтатынбыз. «Манчестер Юнайтедтің» болашағына баланған Аднан Янузай да бізбен бірге болды."
Жуковтың айтуынша, кезінде Троссар да жастар кұрамасында көп көзге түспеген еді:
"Троссармен бірге жастар құрамасында (U-19) ойнадым. Мен «ондықтың» позициясында ойнайтын едім, ал Леандро қосалқы құрамда отыратын. Рас айтып тұрмын. Ол тура мен сияқты болды. Бойы да, салмағы да менікіндей еді. Тек жылдамдығы болмады. Соққысы, техникасы жаман емес тұғын. Бірақ қазір ол «Арсеналда» ойнайды. Кезінде бұл футболшыдан ешкім үміт күтпеді және қазіргідей топ-клубқа сатамыз деген ой ешкімнің ойына кіріп шықпады", - деді Георгий Жуков.