Реклама
Реклама

Винисиус Жуниордың жаңа клубы анықталды

Сарапшы, спорт журналисі
16.11.2025, 23:03

Мадридтің «Реал» клубының жұлдызды вингері Винисиус Жуниор 2026 жылдың жазында командадан кетуі мүмкін.

rsport.ria.ru

«Реал» мен Винисиус келісімге келе алмай жатыр

25 жастағы бразилиялық шабуылшы жаңа келісімшарттың шарттары бойынша «Реал» басшылығымен ортақ мәмілеге келе алмаған. Сондықтан клубтың Винисиусты сатуы реалистік нұсқа ретінде қарастырылуда.

Fichajes мәліметінше, Лондонның «Челси» клубы Винисиус Жуниорды сатып алу мүмкіндігін қарастырып отыр. Ағылшын клубы жұлдызды ойыншы үшін 150 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауы ықтимал.

Бұл сома жүзеге асса, Винисиус «Челси» тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ.

Лондондықтар бразилиялық үштік жасағысы келеді

«Челси» шабуыл шебінде Винисиус Жуниор, Жоао Педро және Эстевао сынды бразилиялық трионы қалыптастыруды жоспарлап отыр. Жоао Педро мен Эстевао осы маусымда командаға қосылған.

Реклама
Реклама