Ұлттық құраманың экс-бас бапкері Серік Сәрсембайұлы Бердалин ұзаққа созылған сырқатынан кейін 16 қараша күні 79 жасында дүниеден өтті.
Қарағанды футболының түлегі Серік Бердалин ойыншы мансабын аяқтаған соң, жаттықтырушылыққа бет бұрды. Ол өз туған клубы «Шахтерды», сондай-ақ «Ертісті» және «Жетісуды» жаттықтырды.
Бердалин жаттықтырған командалар екі рет Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды:
Серик Сәрсембайұлы 1995–1997 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Ал 2003–2008 жылдары мемлекеттік жаттықтырушы ретінде еңбек етті.
Бердалин Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, 1995 жылдың ең үздік футбол бапкері атанған айтулы маман. Оның қазақ футболының дамуына қосқан үлесі ерекше бағаланады.
Серик Бердалинді соңғы сапарға шығару рәсімі 18 қараша күні өтеді.