Жартылай қорғаушының «сары-қаралармен» келісімшарты осы жылдың соңына дейін жарамды.
«Қайрат» клубы көшбасшыларының бірі Валерий Громыкоға Оңтүстік Корея чемпионатының топ-клубы қызығушылық танытты. 28 жастағы жартылай қорғаушы маусым соңында жаңа елге кетуі мүмкін.
«Ухо» телеграм-арнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Кореяның K League көшбасшысы саналатын клубтардың бірі «Қайрат» пен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыконы өз қатарына қосқысы келеді. Дереккөз мәліметінше, клуб ойыншыны маусым аяқталғаннан кейін өз сапына қосуға тырысып көреді.
28 жастағы футболшы 2024/25 маусымын жоғары деңгейде өткізді:
Громыко алматылық клубтың шабуылдау шебіндегі негізгі ойыншылардың бірі. Оның «Қайратпен» келісімшарты жыл соңына дейін жарамды, сондықтан ойыншы қыста еркін агент мәртебесінде басқа командаға ауысуы мүмкін.