2025/26 жылғы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінде Қазақстан U-17 кезекті жеңіске жетті.
Хорватияның Неделище қаласында өткен үшінші турда Бауыржан Сағындықтың шәкірттері Албания құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық жасөспірімдерден Роман Черноморец пен Абылай Жылқайдар мергендік танытты.
Албания құрамасында 76-минутта Эльсон Хималари қызыл қағаз алып, команда бір ойыншыға кем қалды. Соған қарамастан Арменд Муслики 90+5 минутта есепті қысқартты. Алайда ойын тағдырын өзгертуге олардың қауқары жетпеді.
Қазақстан U-17 құрамасы іріктеуді тамаша бастаған:
Бұл нәтиже алты ұпай жинаған Қазақстан құрамасына топты сенсациялық түрде жеңіп, екінші раундтың А лигасынан орын алуға мүмкіндік берді. Шешуші турға көшбасшы болып келген Нидерланд төрт ұпаймен үшінші орынға түсіп, В лиғасына төмендеді. Алты ұпайы бар Хорватия екінші орынға көтеріліп, А лигасында сынға түседі. Ал бір ұпай ғана жинаған Албания жарысты В лигасында жалғастырады.