Алматылық "Қайрат" клубының бұрынғы ойыншысы, грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зариа Қазақстаннан кету себебін ашық айтты.
28 жастағы футболшының айтуынша, “Қайрат” командасы ойыншыны қалдырғысы келген:
“Қайрат” мені алып қалғысы келді, тіпті президент жеке сөйлесті. Украина, Кипр, Ресейден де ұсыныстар болды. Бірақ мен Қазақстанда қалғым келмеді. “Қайратта” өзімді сарқылғандай сезіндім. Жасанды алаңда ойнау тіземе қолайсыз болды”.
Зариа мансабын Грузияда жалғастыруды жөн көрген.
“Динамо” – дәстүрі мен тарихы терең менің туған клубым. Жастарға тәжірибемді беріп, командамен бірге Еуропада жетістікке жеткім келеді”.
Қазіргі таңда футболшы Тбилисидің “Динамо” клубының намысын қорғайды. Transfermarkt порталының дерегіне сәйкес, келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген, ал футболшының нарықтық құны 900 мың еуро.
Гиорги Зариа Қазақстан Премьер-лигасында “Қайрат” сапында екі маусым өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде 59 матч өткізіп, 16 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді . Алматылық клубпен бірге екі рет Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Зария Премьер-лиганың үздік жартылай қорғаушысы деп танылды. Сонымен қатар , футболшы УЕФА Чемпиондар лигасының кезеңдерінде де ойнады.