Абдукодир Хусановтың сондай-ақ қолтаңбасы бар жейдесін сыйлаған.
Қазақстандық журналист Олжас Байбосын Англияның Манчестер қаласында болып, Өзбекстан құрамасының қорғаушысы және "Манчестер Сити" клубының ойыншысы Абдукодир Хусановпен кездесті.
Кездесу "Манчестер Сити" мен "Реал" арасындағы Чемпиондар лигасы аясындағы матч кезінде өтті.
Журналист әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Хусановтың оған қолтаңбасы бар жейде сыйлағанын атап өтті.
Олжас Байбосын футболшының адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталды.
"Абдуқодир қарапайымдылықтың символы! Манчестерге келіп едік, жолығып сөйлессек бола ма деген өтінішімізге “ләббай” деп жауап берді. Абдуқодирдің әкесі Хикмат әкаға мың алғыс. Олжас, еш уайымдама қазақ-өзбек ағайынбыз, бір-бірімізді қолдайық, билетің бар ма деді? Көңіліңізге құлдық!", — деп жазды журналист.
Бұл кездесу жанкүйерлер арасында қазақ-өзбек бауырластығының тағы бір айқын көрінісі ретінде бағаланып жатыр.