"Бавария" – "Реал": Камбэк бола ма?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:06

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы шешуші ойын Мюнхенде өтеді.

Tribuna.com

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы ең тартысты кездесулердің бірі – "Бавария" мен "Реал Мадрид" арасындағы қарымта матч. 

Матчтың уақыты мен орны

"Бавария" – "Реал" кездесуі 16 сәуірге қараған түні Германияның Мюнхен қаласында өтеді. Бұл матч екі команда үшін де жартылай финал жолдамасын шешетін маңызды ойын болмақ.

Алғашқы кездесуде неміс клубы Мадридте 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жауапты ойын алдында шағын басымдыққа ие болды. Дегенмен, бір доп айырмашылығы интриганы толық сақтап отыр.

Командалардың турнирдегі жолы

"Бавария" 1/8 финалда Италияның "Аталанта" клубын айқын басымдықпен жеңді – екі матчтың қорытындысы 10:2.

Ал "Реал" алдымен "Бенфиканы" (жалпы есеп – 3:1) жеңіп, кейін фавориттердің бірі "Манчестер Ситиді" сенімді түрде (5:1) жарыстан шығарды.

Қайдан көруге болады?

Қазақстандық жанкүйерлер матчтың тікелей трансляциясын:

  • "Qazsport" телеарнасынан
  • "Кинопоиск" платформасынан көре алады.
Реклама
Реклама