Иран Әлем чемпионатына қатыса ма? Министр мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық – басты шарт. 

Иран Әлем чемпионатына қатыса ма? Министр мәлімдеме жасады
championat.com

Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали футболдан ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, шешім елдегі саяси жағдай мен ойыншылардың қауіпсіздігіне тікелей байланысты болады.

Қатысу шарттары қандай?

Министрдің мәлімдеуінше, егер спортшылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілсе, үкімет құраманың әлем чемпионатына қатысуына рұқсат беруі мүмкін.

"Егер қауіпсіздік мәселесі шешілсе, мемлекет елдегі жағдайды ескере отырып, ӘЧ-на қатысуға келісім береді. Біз құраманың дайындығын тоқтатпай, барлық талаптарды орындауымыз керек", – деді Доньямали.

Айта кетейік, соңғы айларда аймақтағы жағдай күрт шиеленісті. Ақпан айының соңында АҚШ пен Израиль Иран аумағына әуе және зымыран соққыларын жасаған. Бұған жауап ретінде Иран да әскери базаларға қарсы әрекеттер жүргізген.

Сәуір айының басында тараптар екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, келіссөздер толық нәтижеге жеткізбеді. Қазіргі таңда халықаралық делдалдар жаңа келіссөздер ұйымдастыруға тырысып жатыр.

Иран футбол федерациясының мәліметінше, әскери әрекеттер салдарынан елдегі бірқатар спорт нысандары, соның ішінде футбол инфрақұрылымы айтарлықтай зақымданған.

ФИФА шешімі

Мексика президенті Клаудия Шейнбаумның айтуынша, ФИФА Иран құрамасының топтық кезең матчтарын АҚШ-тан басқа елге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмаған.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы G тобында Мысыр, Бельгия және Жаңа Зеландия құрамаларымен бірге ойнауы тиіс.