Максим Самородов ресейлік клубтағы жоспарларын ашық айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:55

Қазақстан ұлттық құрамасының және Ресей Премьер-лигасындағы "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородов командамен бірге үлкен мақсатқа ұмтылатынын мәлімдеді.

"Ахмат" ФК

Чемпион болу басты мақсат

Футболшының сөзінше “Ахматтың” бапкерлік штаб деңгейі жоғары. Самородов командаға және өз мүмкіндігіне сенімді екенін , клубпен чемпион атанғысы келетінін атап өтті.

"Ахмат" мықты бапкері және жақсы футболшылары бар керемет клуб. Егер бізге дайындыққа тағы біраз уақыт берілсе, чемпиондық үшін күресуге дайын боламыз. Бұл менің жеке пікірім. Мен командаға да, өзіме де сенемін. Әрине чемпион болғым келеді. Екі жыл ішінде матчтың үздік ойыншысы болған емеспін. Міне, енді осы мақсатқа ұмтыламын, – деді “Матч ТВ” эфиріне берген сұхбатында.

Маусымдағы көрсеткіші

Жақында қазақстандық футболшы наурыз айының үздік гол иесі атанған. Осы маусымда Самородов команда сапында 28 матч өткізіп, 4 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. “Ахмат” клубы 24 турдан кейін 31 ұпаймен РПЛ турнир кестесінде 9-орында тұр. Келесі турда 19 сәуірде грозныйлықтар “Спартак” командасына қарсы кездесу өткізеді.

Реклама
Реклама