ҚПЛ клубы қарызынан құтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Үш ай жалақы алмаған футболшылардың берешегі өтелді.

ҚПЛ клубы қарызынан құтылды
BAQ.KZ

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Атырау" футбол клубындағы қаржылық қиындықтар өз шешімін тапты. Бұл туралы жергілікті дереккөздер хабарлады.

Қарыз толық жабылды

Мәліметке сәйкес, клуб басшылығы бапкерлер штабы мен футболшылар алдындағы барлық берешекті толық өтеген. Осылайша, бірнеше ай бойы жалақы ала алмаған команда мүшелері үшін жағымды жаңалық болды. Қаржылық мәселені шешуге облыс әкімдігі тікелей араласқан.

Айта кетерлігі, қаржылық қиындықтарға қарамастан "Атырау" ойыншылары алаңда жоғары деңгей көрсетіп келді. Команда маусымды сәтті бастап, турнир кестесінде бірқатар фаворит клубтарды артта қалдырып, жоғары орындарға көтерілді.

Болашақ әлі белгісіз

Қаржы мәселесі шешілгенімен, клубтың ұзақмерзімді болашағы әзірге анық емес. Жаңа инвестор тарту бойынша келіссөздер жалғасып жатыр, бірақ нақты шешім қабылданған жоқ.

Қазіргі таңда "Атыраудың" қаржылық тұрақтылығы жергілікті биліктің қолдауына тәуелді.