ӘЧ-2026: Египет құрамасы полицейлермен ерегесіп қалды

Футбол шолушысы
Бүгін, 15:50

Оқыс оқиға 1/16 финалы аясында Австралияға қарсы матч алдында болды. 

sovsport.ru

Египет құрамасының өкілдері 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Австралияға қарсы өтетін ойын алдында Даллас полицейлерімен ерегесіп қалды.  Оқиға команданың қонақүйге келген сәтінде болған.

Оқыс оқиғаның мән-жайы

Diario AS мәліметінше, Египет құрамасы қонақүйге кірген кезде бірнеше жанкүйер футболшыларға жақындап, суретке түсуге тырысқан. Ал полиция қызметкерлері жанкүйерлерді ойыншыларға жақындатпаған. Соның ішінде бір баланың Египет құрамасының футболшыларымен фотоға түсуіне рұқсат берілмеген.

Бұл жағдай Египет құрамасының бас бапкері Хоссам Хассанға ұнамай, құқық қорғау органдарының әрекетіне наразылық білдірген.

Осыдан кейін қонақүй дәлізінде полиция қызметкерлері, күзет өкілдері, бапкерлер штабы және кейбір футболшылар арасында сөз таласы басталған. Дереккөздің хабарлауынша, жағдай бір сәтте шиеленісіп, тараптар бір-бірін итере де болған. 

Әзірге бұл жағдайға қатысты Египет құрамасы немесе турнир ұйымдастырушылары тарапынан ресми түсініктеме берілгені хабарланған жоқ.

Австралия — Египет матчы қашан өтеді?

Египет құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Австралиямен кездеседі.

Матч 3 шілде күні өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Реклама
Реклама