"Қайрат" "Оқжетпесті" ойсырата жеңіп, ҚПЛ-де қайта көш бастады (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

"Қайрат" Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 15-турында Көкшетаудың "Оқжетпесін" ірі есеппен жеңді.

"Қайрат" "Оқжетпесті" ойсырата жеңіп, ҚПЛ-де қайта көш бастады (ВИДЕО)
instagram/@f.c.kairat

Бірінші таймда үш гол соғылды

"Қайрат" бірінші таймның өзінде кездесу тағдырын шешіп тастады. Алдымен Марк Гуаль мергендігімен көзге түсіп, дубль авторы атанды. Кейін Жоржиньо "Оқжетпес" қақпасын дәл көздеп, алматылықтардың басымдығын арттырды.

Осылайша үзіліске дейін Мирослав Лобанцев қорғаған қақпаға үш гол енді.

Екінші таймда есеп одан әрі ұлғайды

Үзілістен кейін "Оқжетпес" белсендірек ойнауға тырысқанымен "Қайраттың" шабуылын тоқтата алмады. Екінші таймда Эдмилсон мен Азамат Тұяқбаев мергендік танытып, қорытынды есепті 5:0-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді. Қазір "Қайраттың" еншісінде 39 ұпай бар. Екінші орында тұрған шымкенттік "Ордабасыда" 37 ұпай бар, алайда олардың қорында үш ойын бар.

Материалда: