ӘЧ-2026 сенсациясы: Кабо-Верде қақпашысы әлеуметтік желіде Куртуадан асып түсті
Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возинья әлем чемпионатынан кейін әлеуметтік желіде тарихи рекорд орнатты.
40 жастағы голкипердің Instagram желісіндегі оқырмандарының саны 23 миллионға жетіп, қазіргі қақпашылар арасындағы ең көп жазылушысы бар футболшы атанды. Әлем чемпионатының 1/16 кезеңінде Кабо-Верде құрамасы Аргентинадан 2:3 есебімен жеңілгенімен, Возинья сегіз сейв жасап, жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді.
Испанияға қарсы ойын нәтижесі
Турнир басталғанға дейін қақпашының әлеуметтік желідегі оқырмандары шамамен 50 мың ғана болған. Алайда топтық кезеңнің алғашқы турында Испаниямен өткен кездесуде (0:0) қақпасына гол жібермегеннен кейін парақшасына бір тәулік ішінде 10 миллионнан астам адам жазылған.
Қазіргі таңда Возиньяның көрсеткіші мадридтік “Реалдың” бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуаның (18 миллион) нәтижесінен де жоғары.
Месси Возиньяға не деді?
Қақпашының айтуынша, ойын аяқталған соң өзі Мессиге жақындаған, аргентиналық жұлдыз бірінші болып оны құшақтап, жылы лебізін білдірген.
“Мен оған жақындадым, бірақ ештеңе айтып үлгермедім. Ол мені құшақтап: "Жарайсың. Сен керемет қақпашысың. Жақындарың сені мақтан тұтатынына сенімдімін" деді. Мұндай сөзді Лео сияқты ойыншыдан есту мен үшін өте маңызды болды. Мен оған алғыс айтып, "Рақмет, Лео. Сен ең үздіксің" дедім, кейін матчтағы жейдесін сұрадым. Ол күліп: "Әрине, туннельде беремін" деді. Бұл сәтті өмір бойы ұмытпаймын”, — деді Возинья.