Рамазан Оразовқа операция жасалды

Жекпе-жек шолушысы
15.07.2026, 19:43

Қазақстан құрамасы мен семейлік "Елімай" клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов ауыр жарақатына байланысты ұзақ уақытқа қатардан шықты. 

instagram/@fc_elimai

Мәскеуде операция жасалды

Спорт журналисі Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, Рамазан Оразовтың Армениядағы матч кезінде алған жарақаты бастапқыда болжанғаннан әлдеқайда күрделі болып шыққан.

"Бұл әрине жағымсыз жаңалық. Арменияда алған жарақаты шынымен де ауыр екен. Рэм Мәскеуде операция жасатты. Оның футбол алаңына қайта оралуына шамамен жарты жыл қажет болуы мүмкін. Жасы да жас емес, сондықтан оңалту кезеңі оңайға түспейді", — деп жазды журналист Telegram-арнасында.

"Алашкертке" қарсы матчта жарақат алды

Рамазан Оразов 9 шілдеде Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Алашкертке" қарсы кездесуде жарақат алған.

Еревандағы матчтың 13-минутында қазақстандық футболшы сәтсіз құлап, иығын зақымдап алды. Ол бірнеше минуттан кейін ойынды жалғастыра алмай, 17-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына Дубан Паласио шықты.

Арменияда өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Реклама
Реклама