"Қайрат" Чемпиондар лигасында қатарынан екінші жеңісіне жетті (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 02:00

Алматылық "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде Черногорияның "Сутьеска" клубын 2:0 есебімен жеңді.

instagram/@f.c.kairat

Белсенді басталған матч

Кездесудің алғашқы минуттарында алматылық футболшылар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен бірінші таймның ортасына қарай алаң иелері ойынды теңестіріп, үзіліс алдында шабуылдағы белсенділігін арттырды.

Екінші тайм "Сутьесканың" қысымымен басталды. Бірақ "Қайрат" қарсыластың шабуылдарына төтеп беріп, өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.

Алматылықтар черногориялыш клубтың қақпашысы Владо Гиленнің қателігінен кейін есеп ашты. Кейін айып алаңында қолмен ойнағаны үшін белгіленген пенальтиді Жоржиньо дәл орындап, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

Келесі қарсылас – "Омония"

Екі кездесуде де жеңіске жеткен "Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты. Алматылықтар енді Кипрдің "Омония" командасымен кездеседі.

Реклама
Реклама