"Қайрат" Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шыққаны үшін қанша табыс тапты?

Футбол шолушысы
Бүгін, 12:52

Қазақстандық клуб Черногорияның "Сутьескасын" екі матч қорытындысы бойынша жеңіп, екінші раундқа жолдама алды.

Sports24.kz

"Қайрат" Чемпиондар лигасындағы жорығын сәтті бастады. Алматылық клуб бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" командасымен кездесіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 4:1 есебімен басым түсті.

Бұл нәтиже алматылық клуб үшін спорттық тұрғыдан ғана емес, қаржылық жағынан да маңызды болды. Еурокубоктағы әр кезең клубқа қосымша табыс әкеледі.

Бірінші раунд үшін 175 мың еуро алды

"Қайрат" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 175 мың еуро табыс тапты.

Бұл сома шамамен 94,1 миллион теңгеге тең. УЕФА мұндай төлемді турнирдің бастапқы кезеңдеріне қатысатын клубтарға бөледі.

Екінші раунд үшін тағы сондай сома беріледі

Алматылық клуб екінші іріктеу кезеңіне шыққан соң тағы 175 мың еуро көлеміндегі төлемге кепілдік алды.

Осылайша "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қазіргі табысы 350 мың еуроға жетті. Бұл шамамен 188,2 миллион теңге болады.

Келесі қарсылас — "Омония"

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Қайрат" Кипрдің "Омония" клубымен кездеседі.

Матчтар 21/22 шілде және 28/29 шілде күндері өтеді. 

Реклама
Реклама