"Ақтөбенің" жаңа бас бапкері белгілі болды

Бас редактор
Бүгін, 14:48

Батысқазақстандық команданы ресейлік-тәжікстандық маман Игорь Черевченко жаттықтырмақ. 

Bestnews.kz

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметіне қатысты жаңа ақпарат шықты. AmanVIBE дерегіне сәйкес, клуб Игорь Черевченкомен келісімге келген.

Ақпаратқа сәйкес, тараптар маусым соңына дейін келісімшарт жасауға уағдаласқан. Сонымен қатар келісімді келесі маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Десе де, әзірге "Ақтөбе" Игорь Черевченконың тағайындалуына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Игорь Черевченко кім?

Игорь Черевченко бапкерлік мансабында бірнеше ресейлік клубта жұмыс істеді.

Атап айтқанда, Мәскеудің "Локомотивін", Туланың "Арсеналын", "Химкиді" және Калининградтың "Балтикасын" басқарды. Бұдан бөлек, маман тәжікстандық "Истиклол" клубында да еңбек етті.

Таркович қызметінен кетті

Бұған дейін БАҚ-та "Ақтөбенің" бас бапкері қызметінен Штефан Таркович кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Словакиялық маманның жетекшілігімен "Ақтөбе" Қазақстан Премьер-лигасының 17 турында 25 ұпай жинады.

Қазіргі уақытта батысқазақстандық клуб КПЛ турнир кестесінде жетінші орында тұр.

Реклама
Реклама