Самат Смақовтың "Тұрандағы" дәуірі аяқталды

Спорт шолушысы
02.08.2026, 21:09

Қазақстандық маман Самат Смақов Түркістанның "Тұран" футбол клубындағы жұмысын аяқтады.

instagram/@samat_smakov

"Тұранмен" қоштасты

"Тұран" ФК бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған Самат Смақов командадан кеткенін ресми түрде мәлімдеді.

Қазақстандық маман клуб басшылығына және бапкерлер штабына өзіне мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, Түркістандағы жоба ауқымды мақсаттарды көздейді және клубтың болашағы зор.

"Бас бапкер Виктор Кумыковқа ризашылығымды білдіремін. Ол маған хабарласып, бапкерлер штабына көмектесуге шақырды. Мен бұл ұсынысты қуана қабылдадым", — деді Смақов.

Самат Смақовтың сөзінше, бастапқы келісім бойынша ол "Тұранда" тамыз айының басына дейін жұмыс істеуі керек болған.

Бұған Виктор Кумыковтың денсаулығына байланысты туындаған мәселелер себеп болды.

"Алғашқы келісім бойынша мен командаға шамамен 1 тамызға дейін көмектесуім керек еді. Виктор Балютовичтің денсаулығына қатысты аздаған қиындықтары болды. Сондықтан ол жанында болуымды сұрады. Қазір келісілген уақыт аяқталды", — деді маман.

Смақов клубтағы қысқа кезеңнің өзі оған мол тәжірибе бергенін атап өтті. Ол бас бапкермен, басқа мамандармен және футболшылармен жұмыс істеу барысында кәсіби тұрғыдан көп нәрсе үйренгенін жеткізді.

"Менің бір бөлшегім әрдайым осы командамен бірге қалады. "Тұранға" жарқын жеңістер, футболшыларға сәттілік пен жарақатсыз маусым тілеймін. Жанкүйерлер де команданы үнемі қолдап жүрсе екен", — деді ол.

Смақов PRO лицензиясы бойынша оқуын жалғастырады

Қазақстандық маман енді біраз уақытын отбасымен өткізіп, кейін Астанаға аттанбақ.

4 тамызда елордада UEFA PRO санатындағы бапкерлік лицензияға арналған кезекті оқу модулі басталады. Смақов әзірге бар назарын осы білім жетілдіру бағдарламасына аударғанын айтты.

Сонымен қатар ол өзіне бірнеше жұмыс ұсынысы түскенін де жасырмады.

Еске салайық, Самат Смақов 2026 жылдың наурыз айында "Тұран" ФК бас бапкерінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

Реклама
Реклама