ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Томасов орталық алаңнан гол соқты: "Астана" Жезқазғанда "Ұлытауды" жеңді (ВИДЕО)

"Астана" ҚПЛ-дың 20-турында 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Томасов орталық алаңнан гол соқты: "Астана" Жезқазғанда "Ұлытауды" жеңді (ВИДЕО)
Instagram/@fca.astana

Томасовтың ерте голы

Елордалықтар алғашқы минуттардан допты бақылауына алды. Бұл қысым көп ұзамай нәтижесін берді. Марин Томасов айып алаңы маңынан қақпа маңдайшасының астын дәл көздеп, командасын алға шығарды.

Голдан кейін де "Астана" ойын тізгінін қолынан шығармай, қарсыласына қауіпті сәттер ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді.

Кездесудің соңғы бөлігінде Марин Томасов ерекше голдың авторы атанды. Хорватиялық футболшы алаң ортасынан соққы жасап, қақпашының алға шыққанын тиімді пайдаланды. Осылайша Томасов матчтың қорытынды есебін белгіледі. 

"Астана" үшінші орынға көтерілді

Бұл жеңістен кейін Григорий Бабаянның командасы 35 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесіндегі үшінші орнын қайтарып алды.

"Ұлытау" 27 ұпаймен чемпионат кестесінің орта тұсында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.