Дастан Сәтпаев "Челси" сапында "Ювентуске" қарсы ойнады

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 18:36

Қазақстандық жас шабуылшы "Челсидің" маусым алдындағы кезекті жолдастық кездесуіне қатысты.

фото ашық дереккөзден алынды

"Ювентусқа" есе жіберді

"Челси" мен "Ювентус" арасындағы жолдастық матч Гонконгтегі Kai Tak Sports Park стадионында өтті.

Кездесу 1:0 есебімен италиялық клубтың жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 68-минутта Эдон Жегрова соқты.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 68-минутта алаңға қосылды. Ол Джейми Байноу-Гиттенстің орнына шығып, кездесудің қалған бөлігінде "Челсидің" шабуыл шебінде өнер көрсетті.

Маусым алдындағы үшінші ойын

Дастан Сәтпаев бұған дейін де "Челсидің" маусым алдындағы бақылау матчтарына қатысқан.

Қазақстандық футболшы "Вестерн Сидней Уондерерс" және "Тоттенхэмге" қарсы кездесулерде шықты. Австралиялық клубпен өткен ойында "Челси" сапындағы алғашқы голын соққан. 

Жас шабуылшының маусым алдындағы турнеде тұрақты түрде мүмкіндік алуы оның негізгі командаға бейімделу үдерісін жалғастырып жатқанын көрсетеді.

Лондондық клуб келесі жолдастық кездесуін 8 тамызда "Миланға" қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама