Зидан Франциядағы дебюті алдында күтпеген шешім қабылдады
Зинедин Зиданның кіші ұлы Эльяз Францияның "Ред Стар" клубындағы дебютінде аты аңызға айналған тегінен бас тартты.
Француз футболында Зинедин Зиданның кіші ұлы Эльяздың дебюті көпшіліктің назарын аударды. "Ред Стар" сапында алғаш рет алаңға шыққан 20 жастағы қорғаушының жейдесінде әкесінің тегі емес, тек "Эльяз" есімі жазылған. Бұл шешім баспасөз тарапынан болатын қысымды азайту үшін қабылданған.
Француз БАҚ-тарының мәліметінше, жейдеден Зидан тегін алып тастау туралы шешімді клубтың бапкерлер штабы қабылдаған.
Эльяздың "Нантқа" қарсы ойыны
Эльяз Франциядағы алғашқы матчтарының бірінде жақсы қырынан көрінді.
"Ред Стар" "Нантты" 1:0 есебімен жеңген кездесуде 20 жастағы қорғаушы Кевин Кабралға нәтижелі пас берді.
Flashscore порталы Эльязды осы кездесудің үздік ойыншысы деп таныды. Ол бұл матчта 8,5 деген жоғары баға алды.
Айта кетейік, Эльяз — Зинедин Зиданның төрт ұлының ең кенжесі.. Мадридтік "Реал" академиясының түлегі. Ол 2026 жылдың шілде айында севильялық "Бетистен" Францияның "Ред Стар" клубына ауысты.