Мбаппе Зиданның Франция құрамасына келуін "киноға" теңеді
Килиан Мбаппе Зинедин Зиданның ұлттық команданың бас бапкері атануын ерекше оқиға деп бағалады.
Зиданмен бірге жаңа дәуір басталды
Футболшы жаңа маманның жетекшілігімен ойнау мүмкіндігін "киноға" теңеді.
"Барлығы үшін бұл жаңа дүние болады. Бұған дейін біз тек (Дидье) Дешамды білдік.", — деді Мбаппе AS басылымына берген сұхбатында .
Зидан Франция құрамасының тізгінін 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін қабылдады. Ол ұлттық команданы 14 жыл басқарған Дидье Дешамның орнына келді.
Франция шабуылшысы Зиданның өз мансабындағы ерекше рөлін де еске алды. Мбаппенің айтуынша, 13-14 жасында оны алғаш рет "Реал Мадридтің" жаттығу базасына апарған адам Зидан болған.
"Ал қазір ол менің ұлттық құрамамның жаттықтырушысы. Кино сияқты, бірақ керемет. Бұл - шындық", — деді Мбаппе.
Сонымен қатар, Мбаппе Франция құрамасындағы капитандық міндетін де сақтап қалады.
Зидан құраманың бас бапкері ретіндегі алғашқы матчын 25 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. Одан кейін француздар Ұлттар лигасында Бельгиямен 28 қыркүйек пен 5 қазанда, ал италиялықтармен 2 қазанда кездеседі.