ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

Андрей Финонченко "Шахтерды" ҚПЛ-ға оралғаннан кейін де жаттықтырады

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лигаға қайта шыққаннан кейін де команданың бас бапкері Андрей Финонченкомен жұмысын жалғастырады.

Андрей Финонченко "Шахтерды" ҚПЛ-ға оралғаннан кейін де жаттықтырады
instagram/@shakhterfc

Клуб басшылығы Финонченкоға сенім артты

Amanvibe.kz мәліметінше "Шахтер" басшылығы команданы Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымына дайындауды Андрей Финонченкоға тапсыру туралы шешім қабылдаған.

Осылайша Қарағанды футболының түлегі туған қаласының клубын жоғары дивизионда да басқарады.

Жаңа маусым қарсаңында "Шахтердың" жаттықтырушылар құрамы күшейтіледі. Сербиялық маман Бранко Чиричтің командаға қосылатыны хабарланды. Ол қарағандылық клубтағы қызметіне келесі маусымнан бастап кіріседі деп күтілуде.

"Шахтер" ҚПЛ-ға мерзімінен бұрын шықты

Қарағандылық команда Бірінші лигадағы сәтті маусымының арқасында жоғары дивизионға шығу міндетін мерзімінен бұрын орындады.

Қазір "Шахтер" 62 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Енді клуб Қазақстан Премьер-лигасындағы жаңа маусымға дайындықты Андрей Финонченконың жетекшілігімен жүргізбек.

Бұл туралы не ойлайсыз?