Мбаппе ренжулі. Моуринью Франция құрамасы ойыншысын сатпақ
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін құрамда өзгеріс жасауды көздеп отыр.
Мадридтік "Реалда" жаңа маусым алдында құрамды қысқарту мәселесі күн тәртібіне шықты. Франциялық Le Parisien басылымының хабарлауынша, Жозе Моуринью кемінде үш футболшымен қоштасуды жоспарлап отыр. Дереккөз мәліметіне сәйкес, "Реал" Эдуарду Камавинганы сату нұсқасын қарастырып жатыр.
Мадридтік клуб 23 жастағы француз жартылай қорғаушысы үшін шамамен 50 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе, трансферді талқылауға дайын. Жозе Моуриньюдің пікірінше, маусым басталардан бір апта бұрын "Реалдың" құрамы тым үлкен болып отыр.
Камавинга өткен маусымдағы тұрақсыз ойыны үшін сынға ұшыраған. Ол негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады және клуб басшылығы футболшының прогресі баяулады деп санайды.
Сонымен қатар, "Реалдың" орталық алаңындағы өте жоғары бәсеке. Бұл аймақта Орельен Тчуамени, Федерико Вальверде және Джуд Беллингем секілді ойыншылар бар.
Мбаппе бұл шешімге ренжіген
Камавинганың ықтимал кетуі "Реал" киім ауыстыру бөлмесінде жылы қабылданбағаны хабарланды.
Әсіресе бұл жаңалық Килиан Мбаппеге ауыр тиген. Камавинга — оның "Реалдағы" жақын достарының бірі әрі Франция құрамасындағы әріптесі.
Камавинга "Реалда" бес жыл ойнады
Эдуарду Камавинга соңғы бес жыл бойы "корольдік клубтың" намысын қорғап келеді.
Ол осы уақыт ішінде командамен бірге маңызды турнирлерде өнер көрсетті. Алайда жаңа маусым алдында оның Мадридтегі болашағы белгісіз болып қалды.
"Реал" маусымды қашан бастайды?
"Реал" жаңа Ла Лига маусымын 26 тамыз күні бастайды.
Мадридтік клуб алғашқы турда өз алаңында "Реал Сосьедадты" қабылдайды. Осы матчқа дейін Моуринью құрамдағы артық ойыншылар мәселесін шешуді көздеп отыр.