ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Колумбияда футболдан ішкі біріншілік тоқтатылды

Оған елдің батысында болған жойқын жер сілкінісі себеп. Кәсіби футбол лигасына кіретін 36 клуб енді зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге атсалысады.

Колумбияда футболдан ішкі біріншілік тоқтатылды
matchtv.ru

Колумбияда футболдан ел чемпионаты табиғи апатқа байланысты уақытша тоқтатылды.

Жаңа маусым енді басталған еді. Командалар әзірге төрт тур ғана өткізіп үлгерген. Алайда елдегі күрделі жағдайға байланысты осы аптадағы матчтарды өткізбеу туралы шешім қабылданды.

Лига зардап шеккендерге қолдау көрсетеді

Колумбияның Кәсіби футбол лигасы бұл шешімнің басты мақсаты жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету екенін мәлімдеді.

Лига құрамындағы 36 клуб апат болған өңірлерге көмек жеткізу және қалпына келтіру жұмыстарына қатыспақ.

Лига елдегі жағдайға байланысты арнайы мәлімдеме жасады.

"Бүгін футбол күте алады, ал Колумбия бізге мұқтаж", — делінген ұйымның хабарламасында.

Жер сілкінісі қай жерде болды?

Жойқын жер сілкінісі Колумбияның Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласына жақын маңда тіркелді.

Жер асты дүмпуінің магнитудасы 7,4 балға жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 111 адам қаза тапты. Ең көп зардап шеккен қалалардың қатарында Перейра мен Манисалес бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?