Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев Чемпионшипте ойнайды

Қазақстандық шабуылшы жақын арада лондондық "Челсиден" уақытша кетуі ықтимал.

Дастан Сәтпаев Чемпионшипте ойнайды
sportilinet.kz

"Бернли" Сәтпаевты жалға алуға мүдделі

BBC sport хабарлауынша, "Челси" 18 жастағы қазақстандық шабуылшыны "Бернлиге" жалға беру мүмкіндігін қарастыруда.

Лондондық клуб Сәтпаевтың ересектер футболында көбірек алаңға шығып, ағылшын футболының қарқыны мен ерекшеліктеріне тезірек бейімделуін көздейді.

Негізгі командамен дайындықтан өтті

Дастан Сәтпаев "Челси" сапына 2026 жылдың жазында қосылды. Қазақстандық футболшы жаңа маусым алдындағы дайындық кезеңін клубтың негізгі командасымен бірге өткізді.Жаттығу жиындары барысында Сәтпаев бірнеше жолдастық кездесуге қатысып, гол соғумен де көзге түсті.

Егер трансфер жүзеге асса, "Бернлидегі" кезең қазақстандық шабуылшы үшін мансабындағы маңызды қадамдардың бірі болуы мүмкін.

Әзірге "Челси" мен "Бернли" Дастан Сәтпаевтың ықтимал жалға ауысуына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Жарнама
Жарнама