Сәтпаев, Әліп, Самородов: Ұлттық құраманың жаңа бапкері таңдаған ойыншылар белгілі болды
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип УЕФА Ұлттар лигасындағы алдағы кездесулерге қатысатын футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Ұлттар лигасындағы матчтар
Жаңа бапкердің алғашқы ойындары Фарер аралдары, Словакия және Молдова құрамаларына қарсы өтеді. Ұлттық команданың кеңейтілген тізіміне барлығы 41 футболшы енген. Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жорығын қыркүйек айының соңында бастайды.
Ұлттық команда 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарымен кездеседі. Үш күннен кейін, 29 қыркүйекте Словакияға қонаққа барады. Одан кейін Джон ван ’т Схиптің шәкірттері екі кездесуді өз алаңында өткізеді. 2 қазанда Молдованы қабылдаса, 6 қазанда Фарер аралдарымен қарымта матч өтеді.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков – “Қайрат”;
Бекхан Шайзада – “Ордабасы”;
Александр Заруцкий – “Ақтөбе”;
Мұхамеджан Сейсен – “Астана”;
Стас Покатилов – “Сабах” (Әзербайжан).
Қорғаушылар:
Нұралы Әліп – “Зенит” (Ресей);
Әлібек Қасым – “Астана”;
Ян Вороговский – “Астана”;
Сергей Малый – “Ордабасы”;
Сұлтанбек Астанов – “Ордабасы”;
Темірлан Ерланов – “Ақтөбе”;
Талғат Құсапов – “Ақтөбе”;
Александр Широбоков – “Қайрат”;
Дамир Қасаболат – “Қайрат”;
Александр Мрынский – “Қайрат”;
Еркін Тапалов – “Қайрат”;
Сағадат Тұрсынбай – “Жеңіс”;
Владислав Васильев – “Оқжетпес”;
Наурызбек Жағоров – “Тобыл”;
Сағи Совет – “Қайсар”;
Әрсен Әшірбек – “Елімай”.
Жартылай қорғаушылар:
Бауыржан Исламхан – “Астана”;
Станислав Басманов – “Астана”;
Рамазан Оразов – “Елімай”;
Алмас Төлеубай – “Елімай”;
Георгий Жуков – “Ақтөбе”;
Исламбек Қуат – “Жеңіс”;
Жасұлан Әмір – “Ордабасы”;
Эльхан Астанов – “Ордабасы”;
Әбинұр Нұрымбет – “Ордабасы”.
Шабуылшылар:
Дастан Сәтпаев – “Бернли” (Англия);
Ислам Чесноков – “Крылья Советов” (Ресей);
Исмаил Бекболат – “Қайрат”;
Азамат Тұяқбаев – “Қайрат”;
Ақмаль Бақтияров – “Елімай”;
Артур Шушеначев – “Ақтөбе”;
Рамазан Кәрімов – “Астана”;
Оралхан Өміртаев – “Оқжетпес”;
Максим Самородов – “Ахмат” (Ресей);
Ғалымжан Кенжебек – “Ахмат” (Ресей).
Джон ван ’т Схиптің алғашқы сынағы
Алдағы кездесулер Джон ван ’т Схип үшін Қазақстан құрамасының тізгініндегі алғашқы маңызды сынақтардың бірі болмақ. Кеңейтілген құрамда Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін ойыншылармен қатар Ресей, Англия және Әзербайжан чемпионаттарындағы легионерлер де бар.
Бапкерлік штаб кейін осы 41 ойыншының арасынан Ұлттар лигасының нақты матчтарына қатысатын соңғы құрамды жасақтайды.