"Ертістің" жаңа бас бапкері белгілі болды
Павлодарлық "Ертіс" ФК бас бапкер қызметіне Ерлан Шойтымовты тағайындауға жақын.
Шойтымов “Ертісті” жаттықтырады
Дереккөз мәліметінше, Ерлан Шойтымов “Ертістің” жаңа бас бапкері атанады. Ол 2026 жылдың сәуір айында “Каспийді” тізгіндеп, ақтаулық клубтың турнирлік жағдайын жақсарта білді.
Шойтымов келгенге дейін маңғыстаулық команда чемпионат кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан еді. Қазақстандық маманның алдында павлодарлық клубпен де ұқсас міндет тұрмақ.
Ақпаратқа сәйкес, 19 тамызда Шойтымов “Каспий” футболшыларымен қоштасуы тиіс.
“Жетісайды” жаттықтырған
Ерлан Шойтымов қазақстандық жанкүйерлерге “Жетісайдағы” жұмысымен де таныс. Оның жетекшілігімен команда 2024 жылы Қазақстан Бірінші лигасында жетінші орын алды. Ал 2025 жылғы маусымда чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.
Шойтымов ойыншы кезінде де қазақстандық футболда із қалдырған. Ол 1999 жылы Қызылорданың “Қайсар” клубымен Қазақстан кубогының иегері атанды.
“Қайсар” сапында футболшы 101 матч өткізіп, төрт гол соққан. Сонымен қатар “Ақтөбе” намысын қорғап, 82 кездесуде алаңға шығып, төрт рет қарсылас қақпасын дәл көздеген.
“Каспийдің” жаңа бас бапкері белгілі болды
Ақтаулық “Каспий” Ерлан Шойтымов кеткеннен кейін команданың жаңа бас бапкерін таңдады. Маңғыстаулық клубты бұған дейін де командада жұмыс істеген Руслан Есатов жаттықтырады, деп хабарлайды AmanVIBE.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.