Нұралы Әліп "Зениттің" Ресей кубогындағы жеңісіне үлес қосты
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының топтық кезеңінде "Зенит" сапында толық матч өткізіп, командасының "Крылья Советовты" жеңуіне көмектесті.
Әліп толық матч өткізді
Нұралы Әліп кездесуді негізгі құрамда бастап, алаңда 90 минут бойы өнер көрсетті.
Ал жуырда Қостанайдың “Тобылынан” “Крылья Советовке” ауысқан қазақстандық вингер Ислам Чесноков бұл матчтың өтініміне енген жоқ. Осылайша қазақстандық футболшылардың ықтимал текетіресі бұл жолы жүзеге аспады.
Негізгі уақытта командалар бір-бірінің қақпасына гол соға алмай, жеңімпазды анықтай алмады. Сондықтан матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда “Зенит” футболшылары дәлдік танытып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін петерборлық клуб Ресей кубогындағы жеңісті сериясын жалғастырды.
Екі команда турнирді жеңіспен бастаған
Топтық кезеңнің алғашқы турында “Крылья Советов” Махачкаланың “Динамосын” 2:1 есебімен жеңген.
Ал “Зенит” бірінші матчында Калининградтың “Балтикасын” өз алаңында 1:0 есебімен ұтқан.