90-минуттағы гол Қазақстан кубогының екінші финалисін анықтады (ВИДЕО)
Астананың "Жеңісі" мен Қызылорданың "Қайсары" Қазақстан кубогының жартылай финалындағы қарымта матчта кездесті.
Елордалықтар алғашқы таймда екі гол соқты
Кездесудің алғашқы бөлігі алаң иелері үшін сәтті басталды. 18-минутта Жиан Мартинс есеп ашса, араға жеті минут салып Андрия Филипович “Жеңістің” басымдығын еселей түсті.
Ал 27-минутта елордалық команда сапында Зураб Тевзадзе алаңнан қуылып, “Жеңіс” ойынды он футболшымен жалғастыруға мәжбүр болды.
“Қайсар” камбэкке жақындады
Үзілістен кейін қызылордалықтар шабуылын күшейтті. 69-минутта Кабрал Эваристо есеп айырмасын қысқартты. Бірақ алты минуттан соң Андрия Филипович айып добын дәл орындап, дубль авторы атанды,
Матчтың негізгі уақыты аяқталар тұста Рамазан Бағдат 90-минутта гол соғып, есепті 3:2-ге жеткізді. Бұл гол “Қайсар” үшін шешуші мәнге ие болды.
Қарымта кездесуде “Жеңіс” басым түскенімен жартылай финалдың жалпы нәтижесі бойынша “Қайсар” ел кубогының финалына шықты. Енді қызылордалықтар шешуші ойында “Ордабасымен” кездеседі.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.