Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" Еуропа лигасындағы матчы Африкада талқыға түсті

Жуырда алматылықтар бельгиялық клубқа 0:3 есебімен жеңілген болатын. 

"Қайраттың" Еуропа лигасындағы матчы Африкада талқыға түсті
nur.kz

Алматылық "Қайраттың" Еуропа лигасы плей-оффындағы алғашқы матчта бельгиялық "Андерлехттен" 0:3 есебімен жеңілуі Африкада да назардан тыс қалмады.

Конго спортына арналған Boomsportsrdc.com парақшасы "Андерлехт" сапындағы Конго Демократиялық Республикасынан шыққан Марко Канаға ерекше тоқталып, бельгиялық клубтың сенімді жеңісін атап өтті.

"Еуропа лигасы: Кана мен "Андерлехт" маңызды қадам жасады. "Андерлехт" Алматыда "Қайратты" 3:0 есебімен сенімді жеңді", – деп жазды африкалық ресурс.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде қонақтар үш жауапсыз гол соғып, қарымта ойын алдында айтарлықтай басымдыққа ие болды.

Айта кетейік, УЕФА ресми кестесіне сәйкес, қарымта матч 27 тамызға белгіленген. 

Жарнама
Жарнама