ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Өзбекстан құрамасындағы қорғаушының әкесі Қазақстанда құрылысшы болып жұмыс істейді

19 жастағы Бехруз Каримов Еуропадағы мансабын таңдауда әкесінің қолдауы үлкен рөл атқарғанын айтты.

Өзбекстан құрамасындағы қорғаушының әкесі Қазақстанда құрылысшы болып жұмыс істейді
zamin.uz

Қомақты жалақыдан бас тартты

Швейцариялық "Лугано" клубының қорғаушысы Бехруз Каримов бұған дейін бірнеше командадан қаржылық тұрғыда тиімді ұсыныстар алғанын жеткізді. Бірақ жас футболшы жоғары жалақыны емес, тұрақты ойын тәжірибесін таңдаған.

Каримовтың айтуынша қысқа уақытта көп ақша табуды емес, болашақта жоғары деңгейге шығуды басты мақсат санайды.

"Отбасымызды кедей деп айта алмаймын. Жақында Одил Ахмедов бір сұхбатында: „Ең бастысы — әкеңнің аман болғаны“ деген еді. Мен де әкемнің барына шүкіршілік етемін. Ол әлі күнге дейін Қазақстанда қарапайым құрылысшы болып жұмыс істейді", — деді футболшы.

Футбол ақшадан да қымбат

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы әкесінің мансабына қатысты қандай кеңес бергенін де айтып берді.

"Маған әртүрлі клубтардан жоғары жалақы ұсынған кездер болды. Бірақ мансабымды ойлап, көбірек алаңға шығатын команданы таңдадым. Екі жыл ақша тауып, кейін футболдан жоғалып кеткеннен гөрі, болашақта жоғары деңгейге жеткім келеді. Әкем: „Сен ақшаны емес, футболды ойла. Мен жұмысымды жалғастыра беремін“, деді. Ол менің футболмен айналысуым үшін ештеңесін аяған жоқ және үнемі қолдау көрсетті", — деп бөлісті Каримов.

Каримов" Сурхоннан"Еуропаға аттанды

19 жастағы Бехруз Каримов Өзбекстанның "Сурхон" клубынан швейцариялық "Луганоға" ауысты.

Оның Еуропаға трансфері Өзбекстан құрамасымен әлем чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін жүзеге асты. Қорғаушы турнирде Колумбия және Португалия құрамаларына қарсы кездесулерді негізгі құрамда бастаған.

Португалияға қарсы матчта Бехруз Каримов әлем чемпионаттарының тарихындағы ерекше статистикалық көрсеткішке енді.

Каримов пен Криштиану Роналдудың жас айырмашылығы 22 жыл 183 күн болды. Бұл — әлем чемпионатында бір-біріне қарсы ойнаған футболшылар арасындағы ең үлкен жас айырмасы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.