ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Қайрат" Конференциялар лигасында кімдермен ойнауы мүмкін?

"Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде "Андерлехттен" өте алмаған жағдайда еурокубок маусымын Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.

"Қайрат" Конференциялар лигасында кімдермен ойнауы мүмкін?
zakon.kz

"Қайрат" жеребеде төртінші себетке түседі

GoalKz мәліметінше, "Қайрат" Конференциялар лигасының жеребесінде төртінші себетке орналастырылуы ықтимал.

Алматылық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде "Андерлехттен" алғашқы матчта 0:3 есебімен жеңіліп, қарымта кездесу алдында қиын жағдайға тап болды. Егер қазақстандықтар бельгиялық клубтан өте алмаса, жарысты Конференциялар лигасында жалғастырады.

Жеребе қорытындысында "Қайратқа" Еуропаның бірқатар танымал клубтары түсуі мүмкін.

Бірінші себеттен ықтимал қарсыластар қатарында:

  • "Аталанта" — Италия;
  • "Монако" — Франция;
  • "Спортинг" — Португалия.

Сонымен қатар болжам бойынша алматылық клубтың ықтимал қарсыластары арасында Англия, Түркия, Әзербайжан және Швейцария командалары да болуы мүмкін.

Ықтимал қарсыластар

Әлеуметтік желіде жарияланған нұсқалардың бірінде "Қайраттың" Конференциялар лигасындағы қарсыластары ретінде мына клубтар аталды:

"Монако", "Брайтон", "Трабзонспор", "Қарабақ" және "Тун". 

Нақты қарсыластар Конференциялар лигасының негізгі кезеңінің жеребесі өткеннен кейін белгілі болады.

"Андерлехтке" қарсы қарымта матч

Еске салайық, Алматыда өткен Еуропа лигасы плей-оффының алғашқы кездесуінде "Қайрат" бельгиялық "Андерлехтке" 0:3 есебімен жол берді.

Алматылық команданың бас бапкері Рафаэль Оразбахтин алғашқы ойыннан кейін пікір білдірген. "Қайраттың" Бельгиядағы кездесуге аралас құраммен баруы мүмкін екені хабарланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.