ҚПЛ клубының бас бапкері отставкаға кетті
Қазақстандық маман Марат Еслямов павлодарлық клубтан кетті.
"Ертістен" кету себебі
Павлодарлық клубтың баспасөз қызметі Марат Еслямовтың командадағы жұмысын аяқтағанын ресми түрде хабарлады. Маман жанкүйерлерге, футболшыларға және клуб қызметкерлеріне арнап үндеу жариялап, бұл шешімнің оңай болмағанын атап өтті.
"Құрметті жанкүйерлер, футболшылар және клуб қызметкерлері. Мен командадағы жұмысымды аяқтау туралы қиын шешім қабылдадым. Қазіргі жағдайда бұл қадам команда үшін қажет деп есептеймін. Ол жаңа серпін алып, алға қарай қозғалысын жалғастыруы тиіс. Баршаңызға алғыс айтамын және командаға жеңістер мен сәттілік тілеймін", — деді Еслямов.
Небәрі алты матч
Марат Еслямов "Ертістің" бас бапкері қызметіне 2026 жылғы 1 шілдеде ресми түрде тағайындалған. Ол бұл қызметте Нұрбол Жұмасқалиевті алмастырды.
Еслямовтың жетекшілігімен павлодарлық команда алты кездесу өткізді (2 жеңіс; 1 тең ойын; 3 жеңіліс). Осылайша маманның "Ертістегі" кезеңі екі айға да жетпей аяқталды.
ҚПЛ кестесінде соңғы орынды
"Ертіс" Қазақстан Премьер-лигасының 21 турынан кейін 17 ұпай жинаған. Павлодарлық клуб ҚПЛ турнир кестесінде 16-орында, яғни соңғы сатыда келеді.
Енді клуб басшылығы команданы қиын жағдайдан алып шығатын жаңа бас бапкерді анықтауы тиіс.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.