Жарнама
Жарнама

ҚПЛ клубы жаңа басшы тапты

Дәурен Сәрсеновтың командаға жақын арада таныстырылатыны хабарланды.

ҚПЛ клубы жаңа басшы тапты
nur.kz

Ақтаулық "Каспий" футбол клубы жақын арада жаңа директорын таныстыруы мүмкін. Клуб басшылығына Дәурен Сәрсенов келмек. Бұл туралы 
AmanVIBE хабарлады.

Дегенмен әзірге клуб жаңа директордың тағайындалғанын ресми түрде жариялаған жоқ.

Еске салсақ, осы аптада клуб директоры қызметінен бұрынғы футболшы Нұртас Кургулин кеткен. Қазақстан Премьер-лигасының 22 турынан кейін "Каспий" турнир кестесінде 10-орында келеді.

Ақтаулық команда осы аралықта 23 ұпай жинаған.

Бұған дейін "Каспийдің" бас бапкері Ерлан Шойтымовтың да қызметінен кететіні хабарланған еді. Маман павлодарлық "Ертістің" жаңа бас бапкері болуға шешім қабылдаған. Осылайша ақтаулық клубта қысқа уақыт ішінде әрі басшылық, әрі бапкерлік құрамда өзгерістер болуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама