"Ордабасы" "Қайраттан" жеті ұпайға ұзап кетті
Шымкенттік клуб Қазақстан Премьер-лигасының 24-турыында Петропавлдың "Қызылжарын" ірі есеппен жеңді.
Лео Натель жылдам гол соқты
"Ордабасы" тоғызыншы минутта есеп ашты. Айып алаңына бағытталған пастан кейін Лео Натель допты қақпаға дәл түсірді. "Қызылжар" үзіліске дейін таразы басын теңестіруге тырысқанымен, шымкенттіктер қорғаныста қателескен жоқ.
Екінші таймда Давид Абагна қақпашымен жеке шығып, мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Кездесудің қорытынды есебін Эвертон белгіледі.
"Ордабасы" көшбасшылығын нығайтты
Осы жеңістен кейін "Ордабасы" 55 ұпай жинап, ҚПЛ кестесінде жеке-дара көш бастады. Шымкенттік клуб екінші орында келе жатқан "Қайраттан" жеті ұпайға алда. Дегенмен алматылықтардың екі ойыны бар.
Ал 23 ұпайы бар "Қызылжар" турнир кестесінің орта тұсында орналасқан.
Жарнама
Жарнама