ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Астанадағы ҚПЛ матчында жеңімпазды жалғыз гол анықтады

"Жеңіс" ФК Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Алтайды" қабылдап, минималды есеппен жеңіске жетті.

Астанадағы ҚПЛ матчында жеңімпазды жалғыз гол анықтады
instagram/@f.c.altai

Қақпашы қонақтарды бірнеше рет құтқарды

Матчтың алғашқы минуттарынан "Жеңіс" жоғары қарқынмен ойнап, қарсылас алаңында қысым ұйымдастырды. Дегенмен бірінші таймда "Алтай" қақпашысы Данило Кучер бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, есептің ашылуына мүмкіндік бермеді.

Үзілістен кейін алаң иелері шабуылын жалғастырды. Кездесудің тағдырын Андрия Филипович шешті. Ол айып алаңының ішінен дәл соққы жасап, елордалықтарға маңызды үш ұпай сыйлады.

Турнир кестесіндегі жағдайы

Осы жеңістен кейін "Жеңіс" 29 ұпай жинады. Астаналық клубы ҚПЛ турнир кестесінде сегізінші орынға көтерілді.

19 ұпайы бар "Алтай" чемпионат аутсайдерлерінің қатарында қалып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.