ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Роналдудың голы "Әл-Насрға" қатарынан төртінші жеңіс әкелді

Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы "Әл-Таавунға" қарсы матчта жеңіс голын соғып, команданың төртінші жеңісіне үлес қосты.

Роналдудың голы "Әл-Насрға" қатарынан төртінші жеңіс әкелді
"Әл-Наср" ФК

Чемпионаттың төртінші турында "Әл-Наср" өз алаңында "Әл-Таавунды" 2:1 есебімен жеңді. Кездесудегі есепті 11-минутта қонақтар сапындағы Бассам Әл-Хурайджи ашты. Бірінші таймның соңында Саму Кошта таразы басын теңестірді.

Екінші таймның 50-минутында Криштиану Роналду алаң иелерін алға шығарды. Португалиялық шабуылшының соққан голы "Әл-Насрға" үш ұпай сыйлады. 

Бұл гол 41 жастағы Криштиану Роналдудың кәсіби мансабындағы 978-ші голы болды. Оның 832 голы клубтық деңгейде, тағы 146-сы Португалия құрамасы сапында соғылған. Футбол аңызы жаңа маусымда "Әл-Наср" сапында үш матч өткізіп, екі голдың авторы атанды.

"Әл-Насрдың" жеңіліссіз сериясы жалғасуда

Осы нәтижеден кейін "Әл-Насрдың" маусым басынан бері жеңіліссіз сериясы жалғасуда. Команда төрт турдан кейін 12 ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Чемпионаттағы бесінші тур аясында саудиялық клуб 5 қыркүйекте "Әл-Иттихадқа" қарсы ойын өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.