ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
"Қайрат" Григорий Бабаянның мәлімдемесін жоққа шығарды
"Қайрат" ФК

"Қайрат" Григорий Бабаянның мәлімдемесін жоққа шығарды

Алматылық "Қайрат" клубы "Астананың" бас бапкері Григорий Бабаянның матчтан кейін айтқан сөздеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Елордалық команданың жаттықтырушысы бұған дейін екі клуб арасындағы кездесуге қатысты пікір білдірген болатын.

Ең алдымен, "Қайрат" ФК "Астана" ФК-мен болған матчты ауыстыруға кедергі келтірді деген мәлімдеме шындыққа сәйкес келмейтінін атап өткіміз келеді. "Қайрат" пен "Астана" арасындағы Премьер-лиганың 19-турындағы, бастапқыда 2024 жылғы 31 тамызға жоспарланған матч белгіленген тәртіппен 1 қыркүйекке ауыстырылды.

Матчты ауыстыру шешімі "Астананың" УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарына қатысуына байланысты 2024 жылғы 21 тамызда ресми түрде жарияланды. Осыған байланысты "Қайрат" ФК бұл кездесуді ауыстыруға қандай да бір жолмен кедергі келтірді деп айту дұрыс емес.

Сонымен қатар 2024 жылы екі клуб арасындағы өзара іс-қимылға қатысты фактілерді еске салуды қажет деп санаймыз. "Астана" ФК Алматыда матчтарын өткізген кезеңде "Қайрат" ФК мамандары Алматының Орталық стадионындағы футбол алаңын дайындау және оған қызмет көрсету жұмыстарына тікелей қатысты. Елордалық клубтың матчтарын өткізуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етті.

Сондықтан "Қайрат" ФК "Астана" ФК-ға Алматыда ойнағанда ешқандай қолдау көрсетпеді деген мәлімдемелер де шындыққа сәйкес келмейді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасының 27-туры аясында "Астана" ФК алматылық клубты 1:0 есебімен жеңген болатын.

Жарнама
Жарнама