Жарнама
Жарнама
Словакия – Қазақстан матчының нақты есебі айтылды
kff.kz

Словакия – Қазақстан матчының нақты есебі айтылды

Ұлттар лигасы аясындағы матч 29 қыркүйек күні Кошице қаласында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 23:45-те.

Ресейлік "ВсеПроСпорт.ру" сайтының сарапшысы Иван Корнийчук UEFA Ұлттар лигасы аясында өтетін Словакия – Қазақстан матчына болжам жасады.

Сарапшының пікірінше, алаң иелері бұл кездесуде басымдық танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетуі мүмкін. 

Корнийчук Словакия құрамасының қазіргі формасын жоғары бағалады. Оның айтуынша, команда соңғы төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетіп, Ұлттар лигасының алғашқы турында Молдованы 2:0 есебімен ұтты.

Ал Қазақстан алдыңғы ойында Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. 

Матч 29 қыркүйекте өтеді

UEFA кестесіне сәйкес, Словакия мен Қазақстан құрамалары 29 қыркүйекте кездеседі. Екі команда да Ұлттар лигасының C лигасындағы 3-топта өнер көрсетеді. 

Кездесу Кошице қаласында өтеді. Басталуы – Қазақстан уақытымен 23:45-те. Ойында тікелей эфирде "Qazsport" телеарнасынан көруге болады. 

Жарнама
Жарнама