Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасы Словакияға матч соңында есе жіберді
instagram/@pflkaz

Қазақстан құрамасы Словакияға матч соңында есе жіберді

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының екінші турында сырт алаңда Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді.

Кәрімов үзіліске дейін есепті теңестірді

Матчтағы алғашқы голды Словакия құрамасы соқты. 26-минутта Лео Зауэр дәл соққысымен алаң иелерін алға шығарды.

Қазақстандықтар тоғыз минуттан кейін жауап қайтарды. 35-минутта Жасұлан Әмірдің пасынан соң Рамазан Кәрімов есепті 1:1-ге жеткізді. Командалар үзіліске осы нәтижемен кетті.

Ганцконың голы матч тағдырын шешті

Екінші таймда тең есеп ұзақ сақталды. Бірақ 82-минутта словакиялыш қорғаушы Давид Ганцко баспен Стас Покатилов қорғаған қақпаны дәл көздеді.

Қазақстан құрамасы қалған уақытта таразы басын теңестіре алмады.

Джон ван ’т Схип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алғашқы турда Фарер аралдарымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түскен еді. Осылайша ұлттық командан екі кездесуден кейін бір ұпай жинады. 

Ал Владимир Вайсс бастаған Словакия құрамасы турнирді қатарынан екі жеңіспен бастады. Бірінші ойында словакиялықтар өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен ұтқан. 

Жарнама
Жарнама
Клуб беті: Қазақстан