Жарнама
Жарнама
Ұлттар лигасы: Қазақстанның топтан шығу мүмкіндігі жарияланды
kff.kz

Ұлттар лигасы: Қазақстанның топтан шығу мүмкіндігі жарияланды

Қазақстанның B дивизионына тікелей көтерілу ықтималдығы 15,4% деп бағаланып отыр. 

Football Meets Data статистикалық ресурсы UEFA Ұлттар лигасының 2026/27 маусымындағы топтық кезеңге қатысты жаңартылған болжамын жариялады.

Модель бойынша С лигасының 3-тобында басты фаворит болып Словакия құрамасы қалып отыр. Ал Қазақстан екінші орын үшін негізгі үміткерлердің бірі ретінде көрсетілген.

Симуляция нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының топтағы ықтимал орындары:

  • 1-орын – 3,7%;
  • 2-орын – 49,8%;
  • 3-орын – 29,5%;
  • 4-орын – 17,1%.

Қазақстанның B дивизионына тікелей көтерілу ықтималдығы 15,4% деп бағаланған.

Ал өтпелі матчтарға қатысу мүмкіндігі – 49,8%.

Словакия айқын фаворит

Football Meets Data бағалауынша, Словакияның топты бірінші орында аяқтау ықтималдығы 93,1%.

Команданың B дивизионына тікелей шығу мүмкіндігі 96,5% деңгейінде.

Фарер аралдарының бірінші орын алу ықтималдығы – 2,8%, ал Молдованың көрсеткіші небәрі 0,4%.

Қазақстан Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді

Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словакиядан 1:2 есебімен ұтылды.

Джон ван ’т Схип жаттықтыратын Қазақстан құрамасы келесі ойынын 2 қазанда өткізеді.

Қарсылас – Молдова құрамасы. Кездесу "Астана Аренада" өтеді.

Жарнама
Жарнама