Жарнама
Жарнама
Жеті жауапсыз гол: "Барселона" "Реалды" тас-талқан етті
football24.ua

Жеті жауапсыз гол: "Барселона" "Реалды" тас-талқан етті

"Реал" соңғы рет "Барселонадан" жеті немесе одан да көп гол айырмасымен 2019 жылы жеңілген болатын. 

"Барселона" әйелдер командасы Испания чемпионатының 6-турында мадридтік "Реалды" тас-талқан етті. 

"Спотифай Камп Ноу" стадионында өткен кездесу 7:0 есебімен каталондық клубтың пайдасына шешілді. 

Клаудия Пина бірінші таймда покер жасады

Матчтың басты қаһарманы "Барселона" шабуылшысы Клаудия Пина болды. Ол алғашқы таймның өзінде төрт гол соқты.

Пина есепті 4-минутта ашты. 28-минутта дубль авторы атанса, араға төрт минут салып хет-трик жасады.

33-минутта Каролина Грэм Хансен есепті 4:0-ге жеткізді. Ал бірінші таймның соңында, 45-минутта Пина төртінші голын соғып, покерін рәсімдеді.

Үзілістен кейін Эва Пайор 55-минутта мергендік танытты. Кездесудің соңғы голын 88-минутта Сидней Шертенлайб соқты.

7 жылдағы ең ірі жеңілістердің бірі

"Реал" соңғы рет "Барселонадан" жеті немесе одан да көп гол айырмасымен 2019 жылы жеңілді. Ол кезде каталондық команда қарсыласын 9:1 есебімен ұтқан еді.

Осы нәтижеден кейін "Барселона" жаңа маусымдағы мінсіз сериясын жалғастырды.

Каталондық клуб алты турда алты жеңіске жетіп, 18 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Команданың доп айырмасы – 28:2. Ал "Реал" көшбасшыдан бес ұпайға қалып келеді.

Келесі турда "Барселона" сырт алаңда "Реал Сосьедадпен" кездеседі. "Реал" өз алаңында "Эспаньолды" қабылдайды.

Жарнама
Жарнама