Бауыржан Исламхан Ұлттар лигасында үздіктер қатарына енді
Қазір қазақстандық футболшы ассистенттер рейтингінде төртінші орында тұр.
Қазақстан құрамасы мен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан UEFA Ұлттар лигасындағы үздік нәтижелі пас авторларының қатарына енді. Ол Ұлттар лигасындағы екі матчта екі нәтижелі пас берген.
Рейтинг көшін Норвегия құрамасы мен "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор және Англия құрамасы мен "Реал" ойыншысы Джуд Беллингем бастап тұр. Екеуінің де еншісінде төрт нәтижелі пастан бар.
Үшінші орында Беларусь құрамасының футболшысы Кирилл Печенин орналасқан. Оның көрсеткіші – үш ассист.
Қазақстан FIFA рейтингінде төмендеді
Ұлттар лигасындағы алғашқы үш кездесуден кейін Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде позициясын нашарлатты. Қазақстан өз тобында соңғы орында тұр. Джон ван ’т Шхип шәкірттерінің еншісінде бір ғана ұпай бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 6 қазанда Астанада Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Матч 19:00-де басталады.